Әруақ – Сүндет СЕЙІТОВ

Бұл бетте «Әруақ» атты Сүндет СЕЙІТОВ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әруақ!
Шыр айнала бергенше, тәніме енші,
Мен-мұндалай бергенше, бері келші!
Сайтан емес, ішіме өзің түсіп,
Жанышталған менім мен мені көрші.

"Әруақ" деп жаһанға бабам мәшһүр,
Болғанда, мен де өзіңсіз бола алмаспын.
Шыр айнала бергенше, тәніме енші,
Тәнімнен қан өндіргіш көп албастым!

Білгенменен, көрмедім күнә, азапты,
Тектен текке тентектер кінә тақты.
Сайтанымен шошытты дүмше мағзұм,
Әруағынан айырылған бұ қазақты.

Ащы ұғымға болмас па бал қосуға,
Шекарасыз болмай ма жер басуға.
О, әруақ, әруақ, бері келші,
Тәңір - көкте, мен - жерде,
сен қасымда.

Бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері