Астана – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Астана» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2595
Бақыттың нұры шалқып сәулетіңде,
Бесігін бостандықтың тербетуде.
Тәуелсіз қазақ үшін жарқыраған,
Өзіңсің жалғыз қала жер бетінде.

Қайырмасы:
Байтағым­айбыным – Астана,
Ажарым­ай­ күнім – Астана!
Көк байрақ желбіреп Ақорда аспанында,
Бағым сенсің жанған, Астана!
Әнім сенсің, арман Астана!

Жайнай бер, Азаттықтың Астанасы,
Алаштың аңсап күткен бас қаласы.
Басына Бәйтеректің талпынады,
Қазақтың сенде туған жас баласы!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері