Ықылас – Нарша Булгакбаев

Бұл бетте «Ықылас» атты Нарша Булгакбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ықылас түссе ғылымға,
Ойлануға бейім болар.
Пайдалы білім алуға,
Ой еңбегі қымбат тұрар.

Ықылас түссе иманға,
Жүзі адамның нұрға толар,
Махаббат болса Аллаға,
Ісі адамның адал болар.

Жан жарығы бәрін де,
Білемін деп талпынар.
Жан құмары бәрін де,
Жеңемін деп құлшынар.

Алайда шайтан бәрін де,
Сенен артық біледі.
Жаныңды зерттеп көрді де,
Әлсіз жеріңді тереді.

Құран беті ашылса,
Арам беті жабылса.
Арқадан жүк арылар,
Намазына асықса.

Ұлы Иеміз ескерткен:
Дүниеге оралма,
Түнекте сен қамалма,
Барыңды да бағала,
Жүрегіңді тазала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері