Карнавал – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Карнавал» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1152
Талғамдарды
Таң қалдырған карнавал,
Толғандырар
Сан ғасырлық арна бар,
Қызыл, жасыл,
Таңғажайып дүние,
Карнавалдан
Орныңды дәл таңдап ал!
Карнавалда былқылдаса
Ламбада,
Сылқылдайды
Сәмбі талдай самба да,
Жорғасынан
Бір жаңылмай ырғалған,
Пайдасы көп
Сымбатқа да, санға да!
Өмірінің базары да
Карнавал,
Өнерінің ғажабы да
Карнавал,
Дүниенің қызығынан
Құр қалмай,
Билеп бар да,
Керегіңді қармап ал!
Біраз елді
Құмар қылған карнавал,
Қасиеті
Жанында бар, қанда бар,
Ұлы мұхит
Бимен толқып тұрғанда,
Рио, сенде
Айтшы, қандай арман бар!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері