Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 893
Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген,
Сыр етіп сөзін айтпаған санада әлі піспеген.
Арғымақтары жарысқан аспанда ұшқан құспенен,
Қайран бабаларым ай!
Ішкі шерлерін бөтен сөздермен қалқалап,
Жүрген бұл мені ұғар ма екен шартарап.
Алашорданың аманаттарын арқалап,
Есіктен шыққан шалқалап,
Қайран даналарым ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері