Мазасыз күнді өткергем, түнді өткергем – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Мазасыз күнді өткергем, түнді өткергем» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1763
Мазасыз күнді өткергем, түнді өткергем,
Кеудемде бір бұлтым жүр түйдектелген.
Болсам да қазанбұзар қара тентек,
Жүрегім Алатауды іздеп келген.
Еншіге емес жаным ділгір менің,
Басқадай баппен ұшып үлгірмедім.
Кім білсін, тарттым ба әлде алдарыңа
Піспеген көңілімнің бүлдіргенін?..

1966


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері