Қандай жақсы
- 4
- 0
Бай болғаның қандай жақсы,
Пайда көретін жалтақсыз.
Танылғаның қандай жақсы,
Жүре алмайтын атақсыз.
Бұл бетте «Шын Ақындар» атты Нарша Булгакбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бай болғаның қандай жақсы,
Пайда көретін жалтақсыз.
Танылғаның қандай жақсы,
Жүре алмайтын атақсыз.
Иманға шын берілген,
Тойсыз да өмір сүре алар.
Еңбекке шын берілген,
Əнсіз де өмір сүре алар.
Ізетті өскен ұл бала,
Ар мен намыстың жөнін білер.
Ибалы өскен қыз бала,
Əдеп пен ұяттың жөнін білер.
Қызғанатын жәрдемсіз,
Туыс пенен дос жаман.
Ақталатын толымсыз,
Ұры менен бай жаман.
Ата-анаға кұрмет қыл,
Аманат жүгі түскенше.
Қарыздан ешкім құтылмас,
Қабірге жаны кіргенше.
Криштано Ранолдо
Керемет