Өнеге тəлімнің төресі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жақсы адам көп болса,
Айналамыз нұрға толған.
Жаман адам көп болса,
Айналамыз быт-шыт болған.

Жақсы адам нышаны,
Жанын семіртіп əуре болған.
Жаман адам нышаны,
Тəнін семіртіп əуре болған.

Иманды адам көп болса,
Ізгілік қоғам орнаған.
Имансыз адам көп болса,
Жауыз қоғам орнаған.

Иманды адам нышаны,
Жақсылықпенен жарысар.
Имансыз адам нышаны,
Мал дүниемен жарысар.

Ізетті өскен ұл бала,
Ар мен намыстың жөнін білер.
Ибалы өскен қыз бала,
Əдеп пен ұяттың жөнін білер.

Өнеге тəлімнің төресі,
Тəрбие көрген биязы болар.
Биязылық мінездің көркемі,
Таудың шыңы осы болар.

Ғибрат тəлім алғандар,
Жаны жарық нұр болар.
Имансыз тəрбие алғандар,
Болашағы күмəнді болар.

Көкірегі сауатқа толса егер,
Бала-шаға бағың болар.
Əдепті боп өссе егер,
Құлпырып дәйім жүретін болар.

Балалар жақсы болсын десек,
Залымдардан қорғайық.
Өнеге көрген болсын десек,
Көңіл бөлуден шаршамайық.

Жақсы отбасы белгісі,
Татулық пенен сыйласу.
Жаман отбасы белгісі,
Дауласу мен жауласу.

Түбінде сорың болудан,
Құдайым бізді сақташы.
Тек жақсының артынан,
Кейінгі ұрпақ ерсінші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнеге тəлімнің төресі өлеңінің авторы кім?

Нарша Булгакбаев — осы өлеңнің авторы.

Өнеге тəлімнің төресі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өнеге тəлімнің төресі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарша Булгакбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнеге тəлімнің төресі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері