Топшылау – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Топшылау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 641
Бәлкім мен назарыңда тау шығармын,
Алдырмаған қамалын жау шығармын.
Жырлай жүріп өзіңді өртеніп ем,
Жырлай жүріп бір күні таусылармын.

Бәлкім мен назарыңда күн шығармын,
Жырдан шуақ төгуге құлшынармын.
Қара бұлт қанатымен далдаласа,
Жабығармын тек іштей тұншығармын.

Күзгі желдей жанымды осқылар мұң,
Көңілменен көп жайды топшылармын.
Кейде оқыс сүркей ойға бір ақ кетем:
Бәлкім мен назарыңда жоқ шығармын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері