Ерте, ерте, ертеде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1913
Күн сығалап қарайтұғын теректен,
Арал, Өзен...
Еске түсті кенеттен.
Толқындарды, жағаны ұрып, мені өпкен,
Күнде үйге тасушы едім, шелекпен.

Жетегінде кетіп арман,үміттің,
Өтелмеген, парыз барын ұмыттым.
Бұлағына, бұрымымды өсіріп,
Шуағына, тал бойымды жылыттым.

Тәнге көйлек жабыстырған жаңбырдың,
Әуресімен, бірге тоңған жан құрбым.
Бұлт қалжыңын, көтере алмас ерке едім,
Тас үйлердің, арасында қаңғырдым...

Ұлар аулап, шешіп атам кісесін,
Ұшқаным жоқ, жегенменен құс етін.
Мені «адасып кетпесін» деп ақ тұман,
Ақ боз үйдің іргесіне түсетін.

Тау жаңғырып, қойылғанда есімім,
Ашқан едім, сенде өмір есігін.
Қайтып келер, жыл құсын да қимайсың,
Қайтпайтұғын бар ма бізге кешірім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте, ерте, ертеде өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ерте, ерте, ертеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ерте, ерте, ертеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерте, ерте, ертеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері