Сырласың сырт айналған – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сырласың сырт айналған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 9625
Сырласың сырт айналған,
мұңдасың – сұрқай далаң,
көгінде күнді жауып бұлт ойнаған
ауыры-ай жылдарымның,
жаныма мұң жамылдым.
Жалғыздық – жанашырым,
айтпайды бала шынын,
жүрегім жоғалтқандай бар асылын,
достардан жырақтадым,
солғандай бұлақтарым.
Көтерер бәрін де адам
десек де, ауыр маған…
Мен қалай шамын жағам жүрегімнің
мұң-зілден арылмаған,
сүймеген, сағынбаған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері