Ей, бұлттар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 733
Бір жұтым суға шөлдеген қан тамыр сынды,
Аспанды ары итерген Хантәңір сынды,
Кім түсінеді, Ей, бұлттар!
Жерге ынтық сенің,
Бір сәтке тыным таппаған арпалысыңды?!
Бақтардан, таудан, өзенен, қыр-белестерден,
Құстардан,аңнан, жануар, үндеместерден,,,
Аспанға қарай ұшатын аппақ тілектер,
Оларға бұлай айтуға кім кеңес берген?!
Алыстап кетпей, от шардың тартылысынан,
Жан бітіп мың бір сәуленің шарпылысынан.
Күнге «алғыс», бұлтқа жауатын «рахмет»сөзі,
Көктем оятқан тірліктің, әр тынысынан.
Бұлағай шақтар, тең келмес басқа күндерім,
Орманда құс боп сайрадым, бақта гүлдедім.
Бұлттаған күннің көл-көсір ырыздығы бар,
Бұл бұла сәтке өкпе артпа, аспаным менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, бұлттар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ей, бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ей, бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері