Жылғалар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Үмітке толған әр күнім,
Ескексіз қайық секілді.
Кешкенім – күні жартының,
Бақытым мұңға бекінді.
Сыртыңды бердің, сырлы әлем,
Құшағың еді – күткенім.
Әлемнің әнін тыңдар ем,
Тізеңді, тағдыр, бүк, - дедің.
... Өзектегімді ақтарсам,
Өрт қаптар еді жаныңды.
Жазғанымды, дос, жатқа алсаң,
Қаламмен төгем қанымды.
Жадыла, мені, жарты әлем,
Тұтаспын!
Сендей жарты емен!
Азабыңды да тартар ем,
Қашпастан ешбір дертеден.
Алайда, түсін, мені сен,
Ауыр сын толған – жолымда.
Жібімейтұғын беріш ем,
Өлеңнің кеткем соңында.
Ойымды орап, қаусырдым,
Таңдайда – тағдыр кермегі.
«Ішім өлген, сау сыртым»,
Абайдың күйі – мендегі.
Аяғын тұсар арманның,
Сұстанған салқын сұлбалар.
Жібітші, мұзын жалғанның,
Жанымнан аққан жылғалар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылғалар өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жылғалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жылғалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылғалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері