Өкпелеме

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 993
Ұната ма өзіңді, жек көре ме,—
ренжисің ол үшін кепке неге?
Көңіліңді қалдырған досыңа да,
қасыңа да бекерге өкпелеме.
Өкпелеме туысқан тірі алдаса,
бауырыңның біреуі тіл алмаса,
Өкпелеме көңілдес келіншегің
құрдасыңа қылымсып бұраңдаса.
Жарың кейде жүзіңе тік қараса,
қабағыңды тұтқиыл шытпа да аса,
Бүлінбеші бекерге жан жолдасың
жөн сөзіңнің өзін де құптамаса.
Шыңдай түсіп одан да өр үніңді,
күмпілдетіп баса бер көрігіңді.
Жәрдеміңді аяма жолдасыңнан,
жұртқа деген жоғалтпа сеніміңді.
Күңкілі мен күндестің ызыңы ма,
көңіліңнің қайдағы қыжылы ма,—
Татымайды
барлығы жиылып кеп
тірлігіңнің бір күнгі қызығына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпелеме өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өкпелеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өкпелеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпелеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері