Қара торғай – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қара торғай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1971
(Гүлсімге)

Кеудеңе біткен тынысты,
Үн етіп қана жасаған.
Өңшең бір сыңғыр күмісті,
Көмейді берген кім саған?
Ән сені, әлде, әнді сен
Жараттың ба екен — кім білсін,
Көзінде нұрың сол әсем,
Талантың ба екен, кім білсін!
Тап-таза құстың мінезі —
Көкте бір сайрар тұңғиық
Әмірші сондай бір өзің,
Әніңмен тұрсың тым биік.
Тап-таза құстың белгісі —
Басына қонар шынардың.
Алакөл үсті, ел іші
Сайратады екен сені әр күн.
«Туған жер қара торғайы,—
Деп еді сені бір аға,—
Аспаны, орман, тоғайы
Алатын әннен сыбаға!».
Болысып жүрсің әрдайым
Еліңнен алған бұл баға.
Жұлдызды болғай маңдайың,
Әнменен егіз бір бала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері