Парасат – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Парасат» атты Дихан Әбілев жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3492
Серік Қирабаевқа

1
Серік-ау!
Келіп қапсың жетпісіңе,
Жетпісті «кәрілік» деп ескісінбе!
Алдында ағасы бар інілер — жас...
Еселі Өмір алда естісіне!
Қазақтың кешегі бір жас перзенті —
Бүгінгі саналы ойдың бас перзенті.
Арманы жүрегіңнің көркем сөз ед...
Ғасырдың сен бір бүгін паш перзенті!
Сүйсінем;
Қызығамын мінезіңе,
Сүт жүрек,
Сүйкімділік бір өзінде.
Ну орман көкірегің коп жемісті...
Кең, тыныс,
Келісті ой — әр сөзінде.

2
Серік кім?
Кең өрісті, өрелі Ұғым,
Жанашыр, тура айтатын төрелігін,
Көркем сез әулетінің бағбаны,
Шығымды, шығымсызды көретұғын,
Талғамдап, таразылап беретұғын.
Егер бір шығарманың айтса мінін,
Жалтақсыз жанашырлық—
Адал ұғын!
Қазақтың көркем сөзі қазынасы
Аударып алмас үшін асыл жүгін.
Барыңды,
Жоғыңды да көре білген—
Парасат!
Тереңнен сыр тере білген.
Шырынын шығарманың сиқырламай,
Ақылшың,
Өрнегіңе төне білген.
Қалыспас қатарынан Әлиясы —
Ғылымның өміршең бір дариясы.
Егізі жүрегінің сәуле үстейтін
Таланттың тәлімді бұл жанұясы.
Бұлардың ғалымдығы сондықтан да
Таңданба күннен-күнге
Молыққанға.
Сырласу,
Үлестесу,
Армандасу
Қуаныш сезім құяд жолыққанда.
Уа, Серік!
Ризамын қаламыңа,
Ризамын талғамды талабыңа.
Адал,
Әділ,
Жанашыр ой-пікірің
Сенемін жататынын бағалыға.
Тілеймін зор денсаулық, жемісті еңбек,
Білеміз—
Өмірге жоқ екі келмек.
Кірлетпей көңіліңді сілтене түс,
Жылдарға
Жең сыбанып, «келсең кел!»—деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Парасат өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Парасат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Парасат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Парасат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері