Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да – Құралай Омар

Бұл бетте «Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Сезiмiмдi тоңдыра алмас салқын да,
Кеудемдегi бәйшешегiм солмаса...
Қымбаттым-ау ауыстырмас алтынға,
Көп толқындар жалғаған телефонмен
Хал сұрайсыз...
Күндер, түндер өзгерiссiз қалпында,
Өзiңiздi сағынғаным болмаса.
Аңсағаным, сарғайғаным ғана мұң,
Ал қуаныш еншiсiнде сәттердiң.
Тыным таппай толғанады сана мың.
Елесiңiз еркiмнен тыс естi орап,
Еримiн де...
От боп денем, жанамын
Парағындай дәптердiң.
Жүрегiмнiң жасын үзiп қағазға,
Тiзбек-тiзбек жолдар етiп төгемiн.
Жеке басқа шаттық сұрап тағы азға,
Не қыламын, Жер бетiнде онсыз да
Жеңiлiс көп, құлазу көп, бақ азда.
Сосын...
Сiздi қайтiп сөгемiн?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері