Өлең, жыр, ақындар

Бәйтерек

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 2259
Аспан құлап,
түссiн мейлi жай кенет,
былқ етпейдi желге қарсы бой демеп,
табиғаттың палуаны апай төс
алып дене, ауыр салмақ Бәйтерек.
Қарау үшiн айналаға жақсылап,
әлденесiн жоғалтқан бiр жоқшыдай,
тұрады ылғи шайқап ауыр денесiн
бiр төбенi табанының астына ап.
Бұл аймақта ол көрмеген бар ма адам?!
Бұрылмастан кете алмайды жол да оған.
Бұл өлкеде жоқ та шығар бiр құс та
бұтағында ән салмаған, қонбаған.
Қара жердi сiлкемiн деп тулақтай
күзгi желдер соқса өлкенi шулатқан,—
жапырағын ұшырады Бәйтерек
қара жалын сияқты бiр будақтап!
Есiтсе егер қауiп жайлы сыбысты
сол бiр сәтте тұра алмастан тыныс қып
арыс кеуде Бәйтеректiң денесiн
күрес тiлеп шайқалтады Тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкпар

  • 0
  • 0

Ортаға көкпар тасталды.
Сұрапыл дода басталды.
Жұрт бiткен
Көкпарға лап қойды.

Толық

Наурыз келдi

  • 0
  • 0

Наурыз келдi!
Қара жер семiрiп
Бөгiп жатыр.
Төрт түлiк малым

Толық

Көшедегі күзгі ағаштар

  • 0
  • 0

Кешегi салтанаттың тастап бәрiн,
мүлгiп тұр Мамырларым, Тастақтарым...
Тiзiлiп тұра қалған ағаштар-ай,
берместен көшелердiң қос қапталын.

Толық