Бір күдікпен алысып – Құралай Омар

Бұл бетте «Бір күдікпен алысып» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1558
Бір күдікпен алысып,
Бір үмітті үзбейміз.
Бірде көктем жанымыз, бірде солғын күздейміз.
Тұнжыраған сәттерде көктен сұрап медетті,
Жүректегі құдайды неге аспаннан іздейміз?

Құс - қиялмен қалықтап, жұлдыздарға жетемін,
Түс сияқты бұл жалған,
Елес сынды мекенім.
Тым алыстан...
Ғарыштан қол созардай бір күні,
Ұмытамын тәңірдің өз ішімде екенін.

Налимыз да тағдырға, артып кейде мың өкпе,
Адасамыз тұманда,
Тұншығамыз түнекте.
Біз қорқатын тозақ та,
Біз күтетін жұмақ та,
Рақымы мол құдай да
Жырақта емес, жүректе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір күдікпен алысып өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Бір күдікпен алысып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір күдікпен алысып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір күдікпен алысып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері