Құралайдың салқыны – Құралай Омар

Бұл бетте «Құралайдың салқыны» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1745
Қиялымда жүрем енді тербетіп,
Жүрек жатыр ақ жауынын селдетіп.
Аспанның да түнеріп тұр қабағы,
Астана да суық тартты сен кетіп.

Күңгірт мекен, көңіл бордай үгіліп,
Сүріндім бе?
Сезім қалды жығылып.
Жылу таппай қаңыраған қаладан,
Амалсыздан өз-өзіме тығылып:
"Құралайдың салқыны" деп алдадым,
Сұр тұмандай бұлыңғырлау алдағым.
Өзіңсіз күн, кеш те, түн де меңіреу.
Сенің жайың қалай екен, ардағым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құралайдың салқыны өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Құралайдың салқыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құралайдың салқыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құралайдың салқыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар