Жанарлардан тамған ән – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жанарлардан тамған ән» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1409
(сарыны бар)

Түседі еске — шерлі өткен күн,
Желтоқсанның ызғырығы;
Білегінде жендеттердің
Оратылған қыз бұрымы!..
Тұрғанда ызғар қарып беттен,
Қардан аршып ән шығардым —
Жанарлардан тамып кеткен
Әуендерін тамшылардың.
Атар таңын көздеп еді ел,
Ұқпаса да тағдыр керең.
Қысса да аяз — кездер еді ол
Мұз бетінде ән гүлдеген.
Желтоқсанның алаңында
Соқтық қамал әппақ Ардан.
Бас көтерді — табанында
Тажалдардың жатқан Арман.
Қуат құйып ер түлекке,
Жалт ойнатып тынды ма Аспан?!
Нұр саулатып көр — түнекке
Біздер едік түндік ашқан.
Желтоқсанның жігіттері
Жұртты тағы бастай ма алдан? –
Жанардағы үміттері
Жібіді ме тасқа айналған?..
Азаттықтың алауында
Ұшқын шашса барлық үміт —
Жатсын, елім, жанарында
Желтоқсаның жаңғырығып!..
Сазымызды жалғап әр күн,
Келер ұрпақ қайымдасын:
Жанарлардан Тамған Әннің
Айтылмаған Қайырмасын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарлардан тамған ән өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жанарлардан тамған ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарлардан тамған ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарлардан тамған ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері