Қырғыз әуенімен

Бұл бетте «Қырғыз әуенімен» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2079
Темірқұл Үметалиевке
Асу-асу бел асып,
Іздеп келдім, Ләйліхан.
Құшағымды кең ашып,
Сіз деп келдім, Ләйліхан.
Фрунзенің бағында
Бір баласың, Ләйліхан.
Неге тұрмай жанымда,
Ұяласың, Ләйліхан?
Толқып белің билейсің,
«Бес ырғайға», Ләйліхан.
Неге бірге жүрмейсің,
Осындайда, Ләйліхан.
Ұғысармыз біз кейін,
Көп келейін, Ләйліхан.
Күдерімді үзбейін,
Көпке дейін, Ләйліхан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғыз әуенімен өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қырғыз әуенімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғыз әуенімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғыз әуенімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері