Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп

Бұл бетте «Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2952
Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп,
Сүйдім сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып төгіліп.
Сүйдім үнсіз қап-қараңғы аспандай,
Сүйдім тілсіз, қатып қалған тастардай.
Сүйдім бұлттай мең-зең болып сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім сені ұлын күткен анадай.
Ертелі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім сені толқын күткен жағадай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері