Түркімен кілемі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Түркімен кілемі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2390
Бұлақтармен жаңғырып,
Қиқулаған құз у-шу.
Ойнайды көз талдырып,
Қызғалдақ гүл, қызыл су.
Күннің жерге асылған
Күміс найза кірпігі.
Құндағынан ашылған
Мақтаның ақ бүртігі.
Жаңа жолды су сызып,
Барады құм үстінен.
Соның бәрін сыйғызып,
Тұр ілулі тұс кілем.
Құм адырлар құрсаған
Теңіз суы, жартасы.
Түскен түгел бір соған
Түркіменнің картасы.
Таң қалдырған баршаны,
Көрдім сонда өнерді.
Жіпке жүйрік саусағы
Түркімен қызы Жеренді.
Дейді:— Айналып келіңіз,
Ешбір бояу қосылмай.
Ертеңгі күн жеріміз,
Болады дәл осындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркімен кілемі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түркімен кілемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркімен кілемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркімен кілемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері