Вагонда – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Вагонда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2131
Тарта берді бізбенен
Жеңіл ұшып жел еріп.
Құшақ жайды түз деген,
Көгалдары көгеріп.
Жұмсақ вагон келеді,
Жол үстінде шайқалмай.
Қайда жүрсек төнеді,
Терезеден ай қалмай.
Көктен сайлап қонысын,
Көтерілген қос жұлдыз.
Көк вагонда сол үшін
Көтереді тосты қыз.
Жұлдызды айтып құралпы
Тастағандай құрығын.
Кім біледі қуақы
Қыз баланың қылығын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Вагонда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Вагонда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Вагонда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Вагонда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері