Иттігін көріп жаққының

Бұл бетте «Иттігін көріп жаққының» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2957
Иттігін көріп жаққының,
Жүдейсің іштей,
Жыласйсың.
Айтқанын істеп ақылдың,
Шыдайсың бірақ,
Шыдайсың!
Ортадан мынау біздің де
Оңбаған қылық сезесің.
Өзіңді-өзің тізгіндеп,
Төзесің бірақ,
Төзесің!
Адамның кейбір
Арамдық
Ұлаған бүкіл денесін.
Күніңді соған қараң ғып,
Көнесің кейде,
Көнесің!
Дегенмен ашу қысқанда
Шыдамас жүрек «ақымағың».
Қайнаған қазан
Аспанға
Лақтырмай қоймас қақпағын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иттігін көріп жаққының өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Иттігін көріп жаққының өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иттігін көріп жаққының өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иттігін көріп жаққының өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері