Төбет пен күшік

Бұл бетте «Төбет пен күшік» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2631
Иығыңды жауып жылы ішікпен,
Даналықтың бальзамынан ішіп пе ең?!
Ішсең егер — түсінесің,
Қарашы,
Дәу төбетті ойнап жүрген күшікпен.
Бұл төбеттің болмағанмен шатағы,
Бөрілерге әбден аян атағы,
Ал күшікпен ойнағанда өзгеше:
Қуса — қашып,
Жетсе — құлап жатады.
Тұра салып және тағы қашады.
Қашады да
Жолдың шаңын шашады.
Шашады да
Өп-өтірік құлайды.
Құлайды да
Аузын ғана ашады.
Машықтанып күшік айла-амалға,
Ұмтылады,
Ұмтылады тағы алға.
Жұлқылайды көне күпі сияқты
Дәу төбетті «алып Ұрып» көгалға.
Қайбір кезі түсе ме екен есіне,
Бұл төбетке неге керек?
Несіне?
Өзінше әбден «умаждады»
Төбеттің
Ерке күшік шығып алып төсіне.
Кім біледі
Неменен бұл тынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төбет пен күшік өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Төбет пен күшік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төбет пен күшік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төбет пен күшік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері