Қызықпа, жаным

Бұл бетте «Қызықпа, жаным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Қызықпа, жаным,
біреудің арзан ырысына.
Соңына түсіп,
Мансапты қума құлшына.
Ақ моншақ жақұт,
не қымбат шүберекпенен
Бақ орнап мәңгі
таң ата қалмас, күн шыға.
Тазалықпенен,
өнермен ғана өсер бой,
Арыңа ғана
жүгін де, соны көсем қой.
Мансабың, яки
төгіліп-тасқан тіршілік
Тұрмайтын мәңгі
бір төгіп өткен нөсер ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызықпа, жаным өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қызықпа, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызықпа, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызықпа, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері