Көңілім қирап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көңілім қирап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 516
Кім ұғар жанымды менің
Отырмын көңілім қирап.
Тілеппін басыма бейнет
Иесіз дүние жинап...
Бір түстік өмірі үшін,
Сайлайтын бес кештік малын,
Ойласам киіппін мен де
Күнәһар пенденің халін.
Күшің мол, қуатың мығым,
Шағында қызық еді бәрі,
«Ие мен!» – дерің болмаса,
Қызықтың жоқ екен мәні.
Сабақ жіп маған бұл күнде
Қажетсіз, жаныңды қинап
Ғұмырғы төккен терінді
Тек киын заяға қимақ –
Ертең деп өмір сүреміз,
Ертеңге қоямыз жинап...
Көз жұмар күнімді білсем,
Таратып берер ем сыйлап.
Ең жөні – өзіңді билеп,
Пенденің ісінен тыймақ.
Кезеңін өткізіп алып,
Отырмын көңілім қирап. 
Жетелеп құбылғыш көңіл
Білмеймін қайда құйғымақ!
Ақтардым жүректен бір сыр
Кейінге болсын деп ғибрат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім қирап өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көңілім қирап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім қирап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім қирап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері