Қазақтың ерке Қасымы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қазақтың ерке Қасымы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Отанын, туған өз елін,
Жыр етіп, елең өзенін.
Тасытқан Қасым сол Қасым,
Өр тұлғасын өлеңнен
Құя салған мол Қасым
Ортамызда жүр жортып,
Артында ұзақ ғұмырлы
Өлмейтін жыры болғасын.
Жүре алмайтұғын жай басып,
Киіп те жармай шайқасып.
Осалдықпенен айқасып,
От шайнаған қазақтың
Ерке Қасымын бұл заман
Дегендей көрсін байқасын.
Орғытып Байкал барды да,
Тереңге қармақ салды да,
Шөлп-шөлп еткен шортанын
Шоқтықтан ұстап алды да.
Би билетті бұралтып,
Қайыңына, талына
Жартасын жара жаңғыртып.
Ән салғызды тауына,
Қазақтың қарғамауына.
Тайталасып Талғармен,
Өрлігін тартып алды да.
Оралдың алып боранын,
От кешті майдан барды да.
Қыран құстың қанатын,
Арыстанның ашуын,
Жолбарыстың жүрегін
Бойына жиып алдыда,
Айқасты жаумен жасын боп.
Қанжарын көкке қайрады,
Абдолла жырын толғады,
Ел, намыс туы көтеріп,
Деп ұранды салды да.
Қолдады оны туған ел,
Көтерілді халық бек.
Әр адам тылда айқасты,
Еңбекпен жаудан алып кек
Маңдайдан соққы алған соң
Тізе бүкті зұлым жау.
Жеңістің туы желбіреп,
Шырқалды қайта, қарғам-ау!
От кешкен Қасым оралды,
Дариға сол қыз қайдалап,
Қуанышына ақынның
Қызығып тұрды ай қарап.
Шықпас қып түйген уыстан
Тізгінін алуан енердің.
Оралды Қасым от шашқан
Найзағайы боп өлеңнің.
Ғасырлар талай өтсе де,
Жоғалмас жырдың асылы.
Арамызда жүрер ән салып,
Қазақтың ерке Қасымы.

25.09.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың ерке Қасымы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың ерке Қасымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың ерке Қасымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың ерке Қасымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері