Туған жер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Туған жер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1220
Атақты болмаса да өзен, көлі,
Жайқалған торғын тоғай – жасыл белі,
Сар дала селеу басқан болсын мейлі,
Әркімнің езіне ыстық туған жері.
Қартада көрінбеген тұрған жері,
Қысы-жаз үзілмейтін қоңыр желі,
Анамдай ақ сүт берген ыстық маған
Қалбада «Бөке» дейтін алтын кені.
Құба бел, тізбек-тізбек адырлы тау,
Бауырында өспейді оның жемісті бау.
Ақтарсаң қойны толы мол қазына –
Алтыннан неғып болсын бір тасы сау.
Жылқы асқан, Ақбиік пен Арқар атқан,
Ақтұмсық бауырынан алтын аққан.
Есепсіз ен байлықтың бұлар көзі
Сарқылмай жылдар бойы келе жатқан.
Әр сайы мөлдір бұлақ күліп аққан,
Қатпайды қаһарлы қыс кезінде ақпан.
Шығады маңдайыңнан ащы терің,
Шілдеде сусап келіп дәмін татсаң.
Балауса балғын құрақ жапырағы
Жас өлең кісі бойын жасырады.
Таппайсың түйір тозаң тал шөбінен
Кек майса – қалы кілем атырабы.
Сайраған арасында бұлбұл құсы,
Теректей боз қараған, тобылғысы.
Өткісіз ит тұмсығы ну ормандай
Ішіне адасады кірген кісі.
Кеш батса күліп кектен ай қарайды,
Тамылжып нұр құшады бар маңайды.
Құрғатып маңдай терін жұмысшының,
Жүзінен жібек самал аймалайды.
Әр жанның тынысындай еңбек игі,
Тәкаппар тау да басын енбекке иді.
Осындай ұлы іске үлес қосқан,
Еңбектің озат ірі коллективі.
Қопарған болат қолдар тауды қаптал,
(Тәптіштеп әрқайсысын берем бе ақпар!)
Туын ап туған отан шыңға өрлеген
Осында еңбек ері – шам шырақтар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері