Ақын — елінің қаны мен жаны – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ақын — елінің қаны мен жаны» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Ақын — елінің қаны мен жаны,
Адамдық ұждан, намысы, ары,
Қоғамдық, ойдың ту ұстаушысы,
Халқымен ғана бірге атар таңы.
Ақын — елінің тамырда қаны,
Жүрек соғысы, тыныстағаны,
Жүйке жүйесі, мінезі, құлқы
Толғантар оны болашақ қамы.
Әттең-ай, әттең, еленбей мәні,
Сөзінің құны, тереңде нәрі.
Танылмай, мәре бұйырмай заңды
Сайыста сорлап жанбай жүр бағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын — елінің қаны мен жаны өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақын — елінің қаны мен жаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын — елінің қаны мен жаны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын — елінің қаны мен жаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері