Сәлем, әсем Өскемен! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәлем, әсем Өскемен!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 748
Сәлем әсем айтулы қала, Өскемен!
Тарихың терең, тағдырың бүгін өскелең.
Қатар бой түзеп, тетелес тату құрбың-ай
Иық тіресіп Семеймен егіз өскен ең.
Көсілген кербез бауырын алып Алтайдың,
Ырғынды бүгін ырысқа бөгіп марқайдың.
Титан-магний, қорғасын-мырыш, сары алтын
Комбинаттары жуып тазарды бойдан бар қайғың.
Экономикаң, өсті өрлеп мәдениетің
Көрген жан риза, сүйсініп басын иетін.
Сәнді сарайлар, сәулетті тұрғын үйлер бар
Еңбек адамы алшаңдай басып кіретін.
Бәрінен дағы адамың өсті, адамың,
Аршындай басып, айрықша алып қадамын.
Қойшы қазақтан өсті ғажайып металлург
Әлемге кетті есімі Ахат ағаның.
Жырлаған сені Ілияс, Иса Байзақов,
Болашағыңның екенін ерек байқатып,
Омырауында Отанның алтын алқа деп
Келеді ел жырлап бақыттан бөркін айға атып.
Көркейе бергін, көріне бергін биіктен,
Құтты қонысым, құнарлы өлкем сүйікті ең.
Төркін деп танып, тебірене сайрап мен де өсіп,
Шыңындағы Алтай айнымай тұрмын киіктен.

26.05.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем, әсем Өскемен! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сәлем, әсем Өскемен! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем, әсем Өскемен! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем, әсем Өскемен! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері