Тымақ киген – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тымақ киген» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Лайлап менің тұнық бұлағымды,
Бұлдапсың, құдам, киген тымағыңды.
Тымағың таразы емес адамдыққа,
Тоңдырмас киім ғана құлағыңды.
Жоқ депсің ұяңда бір тымақ киген,
Озбапсың тозған сонау құлақ күйден...
Қалыпсың от басында оқысаң да,
Ақылды жаулыққа бас тымақ та иген.
Тымағың «еркек» деген сөзің шығар,
Мәнісін тасырлықтың болсақ ұғар.
Жармастың жаулығыма шарасыздан,
Таппадың бойымнан мін сағым сынар.
Тұлпар ма тамақ біткен тұмары бар,
Орманның шірігі бар, шынары бар.
Қажетті қыл да өтпейді қас болаттай,
Жаулықтың астында да тұрады пар.
Нар ана еткен талай бұдан бұрын.
Жаулыққа келе берме, құдам қырын.
Игерді кеше Дина, өнер шыңын,
Жаулық деп қараймысың оған бүгін?
Динаны кемсітпей-ақ Құрманғазы
Тыңдаған, өнеріне болған қазы.
Қарқара жаулығы емес, енері үшін
Жамбылмен қатар тұр ол, ел маңғазы.
Сен бұған терең бойлап бармадың ба?
Құрмандай атадан үлгі алмадың ба?
Шықпаса өз басыңнан еш болмаса,
Құдам-ау маңайға көз салмадың ба?
Әлия, Мәншүк ойың бұратындар,
Тең ісің қайсы оларға тымағын бар?
Ұлтыңның абыройын аспандатып,
Осылар жаулық асты тұратын нар.
Ғазиза, Фариза бар, өзгелер бар,
Шекеңе жаулықты боп кеп тұр ма тар?
Өнерде мен бұлардың апасымын,
Ал сенің тымағыңнан өзге нең бар?
Өмірде әйел-еркек мәні бірдей,
Жүрмісің мағынасын әлі білмей?
Бірінсіз ғалам да жоқ, адам да жоқ,
Қалады коғам қараң, әрі кірмей.
Ендеше, құдам, тойып асқақтама,
Қоқиған тымағыңды бос мақтама,
Таразы тымақ емес, адамшылық,
Көрпеңді көсіл бойға шақтап қана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тымақ киген өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тымақ киген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тымақ киген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тымақ киген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері