Тентегім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тентегім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1090
Айналайын, тәмпіш танау тентегім,
Тентегіме тәнті емен мен тегін.
Сенем түбі келетінін қолынан
Не келсе де өткір, өжет еркенің.
Не айтсаң да, не десең де көнетін,
Сәл қысылса, көзіне жас келетін,
Сақтасын да боркеміктен, бос белбеу,
Өз мені жоқ, қолбаң, қораз келетін.
Тіпті әртүрлі тентектіктің өзі де,
Кейбіреулер момақансып көзіңе,
Сырт айнада беріп бүйі секілді,
Қиянатын жасап кетер өзіңе.
Тентек әсте жаралмайды тегіннен,
Үңілу шарт мұның арғы тегіне.
Түбінде оның зерде жатыр, күрес бар,
Өзің ойлап, әрекет қыл дегізген.
Тентек деген сөздің мәнін ұғын тек,
Қиракез боп, көрінгенге қырын кеп
Жүру емес ол асаусып, алқынып,
Менің ғана атым жүрсін бұрын деп.
Міне, осыдан сақтасын да тәңірім,
Жүргізгісі келетін тек әмірін.
Әділеттен аттап өтіп, аймақты
Алаулатып, тигізетін зәбірін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тентегім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тентегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тентегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тентегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері