Мен анамды шексіз жақсы көремін – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Мен анамды шексіз жақсы көремін» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.06.2018
  • 0
  • 0
  • 8867
Мен анамды шексіз жақсы көремін,
Анам маған береді әркез көмегін.
Анаға ешкім тең келмейді басқа жан,
Аналарды жәннәтім деп білемін.
Аналарды сыйлайықшы аялап,
Ауырмасын аман жүрсін саламат.
Ұл, қызым деп өткізетін әр күнін,
Аналарға көктен түссін шапағат.
Ана шексіз мейірімді асыл жан,
Маған берген ақ сүтінен нәр алғам.
Ұзақ кетсем сағынамын анамды,
Барған жерден тез қайтқанша асығам.
Мен анамды шексіз жақсы көремін,
Қолындағы бар тәттісін беретін.
Осылайша шалқып тасып жүргенім,
Алла менен анашымның арқасы деп білемін.
Алла берген ғұмырымда ендеше,
Нәсіп болса апарамын Меккеге.
Ниет еттім апарам деп анамды,
Алла үйі қасиетті Меккеге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен анамды шексіз жақсы көремін өлеңінің авторы кім?

Гулназ Кабулова — осы өлеңнің авторы.

Мен анамды шексіз жақсы көремін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен анамды шексіз жақсы көремін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гулназ Кабулова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен анамды шексіз жақсы көремін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері