Ана тілім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ана тілім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 5629
Ана тілім – тірлігімнің тірегі.
Тілмен ғана кірер адам іреңі.
Тілсіз қоғам өлі, мынау дүние
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қайығы.
Ой-санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім – айна түсер аймағы,
Елім, жерім, ұлтымның да айғағы.
Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп
Жеткізетін мәні, нәрі, қаймағы.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем.
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
Ана тілім – анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында жаяумын.
Сенсіз жерде күйім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң,
сыйлап өтіңдер.
Туған тілін танымаған көр соқыр
Болып өтер,
ертең мәңгі өкінер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілім өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ана тілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ана тілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері