Жұмбақ тас

Бұл бетте «Жұмбақ тас» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 973
Кәлінде Бурабайдың жұмбақ тас тұр,
Көрініп бірде арыстан, бірде қасқыр.
Біресе жезтырнақ боп үрей алып,
Барласаң сан құбылып тұрған тас бұл.
Біресе крокодил киген телпек,
Біресе хас батыр бір тұрған сергек.
Сурет тасты айнала ауысады,
Мультфильм кадрындай тұнған ертек.
Әйгі бір оқиғадан қалған ізді
Көремін
көне күнмен жалғап бізді
Тұрғандай төгілдіріп сауға сұрап
Жұмбақтап сыр сөйлеген қалмақ қызды.
Әйтеуір жарты дүние жалғыз таста,
Беймәлім жәйі бөлек, жөні басқа.
Не керек жұмбақ болып кеткен мәңгі
Уақыт құзырымен оралмасқа.
Әлемде не түрлі бар сыры жұмбақ,
Әуелде даралаймыз бөліп, бұлдап.
Алған соң сыралғы боп пәндәлықпен
Жатпаймыз қадір тұтып сонша құндап.
Осынын бәрі шартты.
Шынды шындап
Танудың езі мәңгі бітпес қымбат.
Қыры мен сыры шексіз ғалам түгіл,
Адамдар бір-біріне үлкен жұмбақ.
* * *
Сөйледім көзім көрген Көкше сырын,
Жырланып келсе дағы бұдан бұрын.
«Сөз бар ма кісі айтпаған» дегендейін,
Кешірім кейбір ойға келсем қырын.
Көрінер әсірелеу кейбір жанға.
Қоспадым көпірме сөз.
Мейлің нанба.
Көлдің дәл ортасынан көз жіберсең,
Тұрады бәрі осының алақанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақ тас өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жұмбақ тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмбақ тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбақ тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері