Алуан бояу іріктеп алды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алуан бояу іріктеп алды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алуан бояу іріктеп алды,
Асықпай Марат суретті салды.
Үстелге жайып қағазды аппақ,
Сарымен сұлу жасады бақбақ.

Қызылдан кірпіш қағазға толды,
Зәулім үй келіп аулаға қонды.
Шатырын әсем бояды көкпен,
Жасылмен дуал жасады еппен.

Өз орнын тапты әртүрлі бояу,
Бәрінен шебер Мараттың ойы-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері