Қаһарына әбден мінген Сара апай – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қаһарына әбден мінген Сара апай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2505
Қаһарына әбден мінген Сара апай,
Қамшы болып осқылады қалақай.
Кімді сабап,
Кімнен таяқ жегенін
Айтпай қойды,
Айтпай қойды, балақай.
Орындалмай шешесінің бұйрығы,
Осы жолы алған тентек ширығып.
Дуылдайды алақаны ананың,
Дуылдайды балақайдың құйрығы.
Алғандай бір аузына су толтырып,
Айтар емес не болғанын ол тірі...
Қойдырам деп тентектігін баланың
Қайсарлығын ала көрме өлтіріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері