Сүтпен бірге анаң мейір емізген – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сүтпен бірге анаң мейір емізген» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 15860
Сүтпен бірге анаң мейір емізген,
Ақ ниетің кем болмасын теңізден.
Өседі гүл күннің уыз нұрынан,
Ал адамдар жылы-жылы лебізден.
Кім-кімнің де енегелі бір ісін
Көре тұра көрмегендер құрысын!
Нең кетеді жақсы десең жақсыны?!
Нең кетеді дұрыс десең дұрысын?!
Бізге жеткен ата-баба сөзінен
Мен, ағайын, бір даналық сезінем.
Табам десең бір қасиет табасың
Жаман деген жолдастың да өзінен.
Жетпейді өмір тіршіліктің дауына,
Гүл отырғыз көңілдердің бауына.
Артық емес айтып қойсаң жылы сөз,
Досың түгіл,
Кейде тіпті жауыңа!
Адамдарсыз адам бағы жанбайды,
Көңіл шіркін ықыласқа қанбайды.
Жылы сөзді артығырақ айта бер,
Жаның содан жарлыланып қалмайды.
Оқасы жоқ өзен-көңіл тасыса,
Жігер берер жылы лебіз жасысаң.
Біз адамбыз,
Адам түгіл,
Бұзау да
Сүйсінеді әукесінен қасысаң!
Сүтпен қоса анаң мейір емізген,
Ақ ниетің кем болмасын теңізден.
Өседі гүл күннің алтын нұрынан,
Ал адамдар жылы-жылы лебізден!


Пікірлер (1)

Інжу

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүтпен бірге анаң мейір емізген өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сүтпен бірге анаң мейір емізген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүтпен бірге анаң мейір емізген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүтпен бірге анаң мейір емізген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері