Бір өзім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бір өзім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1492
Т.Шевченкодан

Бір өзім.
Тек өзім ғанамын.
Жапанда жалғыз қазықтай.
Жалғыздық бердің тәңірім
Таусылмас ризық — азықтай.
Еркіндік, бақыт бермесең,
Сыйладың неге сұлулық
Сұрадым қашан өзіңнен
Жарат деп мені сұлу қып.
Жанары жалын қара көз
Қарасын күліп кімдерге.
Жаспенен тозды жуылып
Жалғыздық кешкен түндерде.
Досыма шағар мұңымды
Жас маржан етіп ағыттым.
Жат ортада жалғызбын
Татпадым дәмін бақыттың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері