Емес пе? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Емес пе?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1231
Түссең егер, қарағым,
Сағат сайын сен еске,
Кірбің тартып қабағым,
Сағынғаным емес пе?
Алға тігіп көзімді,
Көтерілсем белеске,
Алыстағы өзіңді
Аңсағаным емес пе?
Жанға жылы бір леппен
Қарсы алдыңнан жел ессе,
Жарып шыққан жүректен
Менің демің емес пе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері