Өлең, жыр, ақындар

Қыран жандар

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1367
Дала десе қиқулап құлан-жаным, дүбір сезген тұлпардай тұра алмадым. Жұлдызын да жасырмас аспанынан көргім келіп кетеді қырандарын.
Жоя алмастай жауыны, нөпір желі ноқаттың да орны айқын бетіндегі дала аспанын бұрында темір топшы қыран құстар шарлайтын секілді еді.
Сол көрініс құйғандай қылаң шабыт, құштарлығым қоймайды ұран салып: қара жерге көз салып көк аспаннан бір самғасам деп едім қыранша ағып.
Қыран қайда шарлаған дала аспанын, естілмей ме ешқандай адасқан үн? Қанаттыға түғыр ең, қайран дала, қыраныңды қалайша аластадың?!
Жоқ, жоқ, көңіл, суалма өртті басып, аспан кезіп іздеме жоқты жасып, қыран жандар қырлардан қиял жасап, дала даңкы шалқуда көкті де асып.
Кең дала да аспандай өрнегі Күн, дауыстасам жоғалған желмен үнім. Көктен бекер іздеппін қанаттыны -қырандардың мекені жерде бүгін...
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Поэзия

  • 0
  • 0

Махамбет аудармашысымен әңгіме
Поэзия –
әйелдей жұмбақ әлем,
сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Толық

Мен бір қызық адаммын

  • 0
  • 2

Мен бір қызық адаммын:
қатал тағдыр сілкілеп мың сынаған,
құлап-тұрып, сонда да тыншымаған.
Жұртқа деген ызадан булыққанда,

Толық

Масаты жер құбылған жұмақ таңда

  • 0
  • 0

Масаты жер құбылған жұмақ таңда
талай-талай салса да мұз, ақ қарға,
мені қателестірген, күрсіндірген
жылдарымды қимаймын ұзатқанда.

Толық