Ата – желік

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1417
Көкмойнақ атқа ер салып,
Шығайық қырға, жарай ма?
Елеуреп алған ер шабыт,
Артына енді қарай ма!
Сан топтан озған сандақ бұл,
Қатар ұшпаққа қанатын қырғи қомдансын.
Бұйығып жатқан шаңдақ қыр,
Шамдана түсіп ол қалсын.
Атамның қия соқпағы - ай,
Тура басташы кезіңе.
Тастаған маған бәсіре - мұра жоқ қалай?
Түсер-ді, бәлкім, көзіме!
Беймәлім безгек жан тырнап,
Үдектен өте үдеп кет.
Айылы аттың сартылдап,
Ала жаулы тер бауырдан төмен сүмектеп.
Жата да жата басыр боп,
Өлдік қой, әбден, бұқпақтап.
Шаппаған тұлпар - қашыр боп,
Тұқайына дейін кете жаздапты, түк қаптап.
Бөкенше қырды шарлады,
Жатырмыз, сірә, нені ұғып.
Бабамның бағзы жеткізбей кеткен арманы,
Бұл жолы бізге қашары анық көрініп.
Бойдағы бұлан желіктен,
Арыла қояр деп пе едің.
Бабамның ұқтым, неліктен,
Ағызып жүріп, аспанға шығып кеткенін.
... Алдым - түн.
Артың - аран - сор,
Ендігі жолды айтпас құз.
... Айдың қасына жетіп алалық,
Содан соң,
Қайтармыз!
Мүмкін, қайтпаспыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата – желік өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ата – желік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ата – желік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ата – желік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері