Қыз махаббаты – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыз махаббаты» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 3
  • 19199
Білмеймін,
Білмеймін, жанарыңнан сыр ұқтым ба,
Әлде сені сол сәтте ұмыттым ба.
Өзің болдың әйтеуір бұл күнгі әнім,
Көтеріп ап кетіп ең бұлқынбадым,
Аймалауыңа, аймалауыңа құнықтым ба?

Білмеймін,
Білмеймін, құшағыңда дір еттім бе,
Алып ұшып барады жүрек мүлде.
Ойлағым да келмеді ештеңені,
Ерте ме әлде білмедім кеште ме еді,
Тек ұққаным: жан бірге, тілек бірге

Сезімімнің,
Сезімімнің қақпасын дара қақтың,
Шуағыңды бойыма аралаттым.
Бақыт болып мәңгіге келіп бірге,
Ағыл-тегіл сезіммен еріттің де,
Өзің маған өзім боп бара жаттың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

QIQI

ОТЕ ЖАМАН ОЛЕН ЕКЕН

Үлкен адам

Өте күшті ұнаған өлең лаик қоиам

Тыңдарман

QIQI есімді коммент жазған адамның айтқаны жалған

Осы автордың басқа өлеңдері