Анажан
Бұл бетте «Анажан» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Аялап гүлдей,
Нұр шашып күндей,
Жанына мені балаған.
Көңілі – көктем,
Мейірімін төккен,
Аяулым сенсің – анажан.
Қайырмасы:
Асыл әнімсің,
Жазғы таңымсың,
Өзіңмен нұрлы – жолдарым.
Тылсым жылдарда,
Қиын сындарда,
Тілегің – менің қорғаным.
2. Қайда жүрсем де,
Ойым бір сенде,
Сенімің болды – тұмарым.
Болсам деп бірге,
Сағынам күнде,
Жан ана, сенсің, жыр-әнім.
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі