Жұлдыз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1044
Зульфиядан

Бөлме қапас.
Шықтым салқын аулаға.
Түн мұнарын серпіп, мені баураған.
Жарқырайды, жаудырайды бір жұлдыз
Сенің отты жанарыңнан аумаған.
Алыс жұлдыз, арман отын тұтатып,
Телміресің қайратымды уатып.
«Махаббатым, біргемін ғой өзіңмен»
Деп сыбырлап тұрғандайсың жұбатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері