Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1477
Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен жастығым мен мастығым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.
Көтеріліп көк төсіне еңсе мың,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен таңсәрім мен аңсарым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.
Жүрегімнің бөлінбейтін бөлшегін
Қалдырыппын құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен сөз жетпейтін Оқжетпес –
Тегенедей төңкерілген емшегің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері