Қалдың сен талай рет көрмеймін деп –
Абдрахман Асылбек
Бұл бетте «Қалдың сен талай рет көрмеймін деп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалдың сен талай рет көрмеймін деп,
Кеттім мен талай рет келмеймін деп.
Осынша дау айтқызып, өрекпітіп,
Осынша кердеңдеткен нендей міндет?
Қаншама қалғаныңмен көрмеймін деп,
Өкінбен, өзіңсіз де өлмеймін деп.
Қанша рет қыстың мені құшағыңа,
Көңлімді басқа жанға бөлмеймін деп.
Қанша рет кеткеніммен келмеймін деп,
Еркімді өз қолымнан бермеймін деп.
Табылдым талай рет тар бөлмеңнен,
Тағы бір жүрегіңді тербеймін деп.
Түсіндің: сенің үшін мендей ұл жоқ,
Түсіндім: менің үшін сендей гүл жоқ.
Табысып тар төсекте татулықпен,
Тұрармыз бұл өмірде сөнбей күн боп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі